jasqazaq.kz

Көшеде төбелескен жүргізушілердің бірін көлік қағып кетті (видео)

09 шiлде 2019, 20:30

Алматыда самокат айдаған жүргінші мен №99 автобус жүргізушісі көшеде төбелесіп қалған.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан жүргізуші самокат мінген жүргіншіні ұстап алып, жібермеуге тырысып жатыр. Ал самокат иесі қашып кетпекші болады. Жүргізушінің қолынан сытылып бара жатқанда самокат иесін көлік қағып кетті.

Болған жайтқа қатысты «City-Bus» басшысы түсінік берді. «City-Bus» ЖШС басшысы Егор Жигловтың айтуынша, автобус жүргізушісі өз жолағымен келе жатқан. «Ол жол ережесін бұзған жоқ. Аялдамаға тоқтағанда, самокат мінген жігіт салонға жүгіріп кіріп, жүргізушінің бетінен бір ұрған. Жүргізуші жаңағы жігіттің артынан бірге шыққан. Самокат мінген адам оқиға орнынан қашып кетпек болған. Абырой болғанда полиция шақырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қызметкерімізге қол көтергені үшін полицияға арыз жаздық», — деді Егор Жиглов. Оның айтуынша, соққыдан автобус жүргізушісінің тісі түсіп қалған.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от DOROGI ALMATY 24/7🇰🇿____ (@dorogi_almaty_official)

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда