jasqazaq.kz

Көшеде «талып» жатқандар. Жалған видеоға жауап

20 наурыз 2020, 22:03

Әлеуметтік желіде Алматыда түсірілген бірнеше видео тарады, онда коронавирус салдарынан көшеде адамдардың есінен танып жатқаны айтылады. Қалалық полиция департаменті ол оқиғалардың коронавирус инфекциясына қатысы жоқ екенін, видеода айтылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бейнероликтердің бірінде жолаушының көшеде құлап қалып, бір топ адамның автобус маңында жиналып тұрған сәті көрініс тапқан.
«Қоғамдық көліктің бірінде жолаушының жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ол адамның қояншығы (эпилепсия) ұстаған. Автобустан түсіріліп, жедел жәрдем шақырылған. Сондықтан қалада адамдар есінен танып жатыр деген жалған ақпарат», — деді полиция департаменті.
Сонымен қатар көшеде құлап жатқан ер адамның жанында полиция қызметкерінің жүргені видеоға түсіп қалған.
«102 нөміріне мас адамның жол бойында жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Учаскелік инспектор ақпаратты растады, ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді», — делінген ақпаратта.
Тағы бір жағдай желі қолданушыларының арасында кең талқыға түсті. Гоголь мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында троллейбус жаяу жүргіншіні басып кеткен. Ол дене жарақатын алған, іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Полиция бұл оқиғаның да коронавирус инфекциясына қатысы жоқ екенін айтты.

Полиция департаменті біле тұра, жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, төтенше жағдай кезінде сол әрекеті үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертті.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. 25 адам Нұр-Сұлтанда, 22 адам Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия