jasqazaq.kz

Көшеде қой сойған жігіт жазаланды (видео)

12 сәуiр 2019, 15:35

Елордадағы ғимарат жанында қой сойған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам сол бардың иесі болып шыққан. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Күні кеше «Instagram әлеуметтік желісінде белгісіз ер азаматтың рестобардың алдындағы көгалда қой сойғаны жайлы видео пайда болған еді.

Желідегілердің наразылығын тудырған бейнежазбаға қатысы полиция пікір білдірді.

«2018 жылдың 6 тамызында «Есіл» ауданы полиция басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан кодексінің 505 бабы 1 тармағы «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша А. есімді бардың иесі әкімшілік жауапқа тартылды», — деп атап өтті Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.
Осы бап бойынша ережені бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от NUR SULTAN | ASTANA | АСТАНА (@v_astane_official)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда