jasqazaq.kz

Көшеде кетіп бара жатқан келіншекті өлімші етіп сабап, зорлап кеткен

11 маусым 2020, 9:11

Шымкентте белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан келіншекті өлімші етіп сабап, зорлап кеткен. Әйелді жәбірлегендер тіпті оның басынан целофан пакет кигізіп, тұншықтырып өлтірмек болған.

Аталған жантүршігерлік оқиға жайында НеМолчиKZ қоғамдық қорының өкілдері әлеуметтік желіде жария етті. Фейсбук әлеуметтік парақшасында жарияланған ақпаратта қылмыстық оқиға 26 мамыр күні орын алғанын хабарлаған.

Жәбірленуші кешкісін өз үйіне бара жатқан кезде оған бір топ адам шабуыл жасаған. Олар ұсталған әйелді ұрып-соғып, целлофан пакетпен тұншықтыруған тырысқан. Тісін түк қалдырмай сындырып, жағының үш жеріне жарықшақ түскен. Миы шайқалып, есінен танып қалған.

Қылмыскерлер оны өлді деп ойлап, денесін бұтақтармен жауып кеткен. Алайда сау тамтығы қалмаған әйел есін жинап, әрең дегенде үйіне жеткен.

«Оның түрін танып болмайды. Бұл жағдайды көрген күйеуі мен балалары жағаларын ұстап отыр. Жәбірленушінің жолдасы егер әйелі қайтыс болған болса, оны тек қана денесіндегі қалы мен киімдері арқылы тануға болатынын айтқан. Зардап шегушінің өзі де ауыр шок алған. Алғашқы күндері ол қорыққаннан қылмыс фактілерін жоққа шығарып, тіс жарып ештеңе айтпады. Және әлі күнге дейін жауап бермеді» делінген қор өкілдерінің парақшасында.

Ал, қорға ватсап желісімен жіберілген суреттерге қарап болмайды. Онда келіншектің беті мен денесінде көгерген іздер көп. Ондағы жазбаларда жәбірленушіні қатты ұрғаны соншалық, қабырғалары сынып кеткенін көрсеткен. Сондай–ақ, тістері түгел сынып, жақ сүйектері салбырап қалғаны айтылған. Жәбірленуші тек ауырғанды басатын екпемен ғана күнелтіп келе жатқаны жазылған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Әзірге күдіктілер ұсталмаған. Ресми ақпарат қалалық прокуратураның келісімін алуға жолданған. Дегенмен бұл істі Полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алған.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия