jasqazaq.kz

Көшеде ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

24 ақпан 2021, 11:38

Полиция Екібастұзда ер адамды атып өлтірген 60 жастағы күдіктіні ұстады.

«23 ақпанда сағат 8:00-ден 8:10-ға дейін Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға оқ атқан. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығы Нұрлан Мәсімов.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті Екібастұз қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасалған қару тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан ер адам қоқыс төгуге шықаны көрінеді. Қайтар жолда оған медициналық маска мен көзілдірік киген белгісіз адам оқ атып, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Кейін марқұмның жеке басы белгілі болды. Ол «Северные МЭС» KEGOС АҚ Екібастұз бөлімшесінің қызметкері Жанат Мақсұтов екені анықталды. Кәсіпорын басшылығы бұл ақпаратты растады және қайтыс болған адамның отбасына көмектесетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Егер ұсталған адамның кінәсі расталса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия