jasqazaq.kz

Көршісінің ұлын зорламақ болған азамат ұсталды (видео)

20 қазан 2017, 14:41

16 жастағы жасөспірімді зорламақ болған азамат ұсталды. Оқиға 18 қазан күні кешкі уақытта Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлады.

Куәгерлердің айтуына қарағанда ішімдік ішкен 43 жастағы азамат 16 жастағы көршісінен үйіне жеткізуін өтініпті. Ештеңеден күдіктенбеген бозбала оны пәтеріне алып барған. Осы кезде күдікті қолына пышақ алып, баланың шешінуін талап еткен.

Жасұлан ЕГЕМБЕРДІ, Әл- Фараби ПБ тергеушісі:

– “Шымкент қаласының тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекет жасағанын айтып арызданған. Аталған арыз бойынша ҚР ҚК 121 бабы 3 бөлігі 3 тармағымен қылмыстық іс тіркелді”.

Бұл ақпарат полиция бөліміне келіп түскеннен кейін, тәртіп сақшылары ұстау шараларына кіріскен. Сөйтіп, көрсетілген мекен-жай бойынша 1974 жылы туылған азамат анықталып, құрықталған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Сондай-ақ, осы іске қатысты ҚР ҚК 121 бабы 3 бөлігі 3 тармағы «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасау» бабымен қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалған. Қазіргі таңда соталды тергеу амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде