jasqazaq.kz

Көршісінің екі сиырын атып тастады

14 қараша 2019, 14:06

Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі сиырын атып тастады. 1966 жылғы ер адамның мұндай қадамға баруына сиырлардың ауласына кіріп кетуі себеп болған.

Оқиға Кербұлақ ауданында болған. 13 қараша күні түнде полицейлерге Шоқан ауылының екі тұрғыны арыз түсірген. Олардың сөзінше, ауылдастары олардың екі сиырын атып өлтірген. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығын көлемін 600 мың теңгеге бағалап отыр. «Малдардың өлгендігі жөнінде ақпарат расталды. Ішімдік ішкен 1966 жылғы тұрғын «ИЖ-18» аңшы қаруымен екі сиырды атып тастаған. Күдіктінің сөзінше, малдар оның ауласына кіріп кетіпті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабына (Жан-жануарларға қиянат жасау) сәйкес сот-алды тергеу жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, күдікті қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Полицияның ақпаратына сәйкес, жануарларды атуға қолданған қару еш жерде тіркелмеген болып шықты.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда