jasqazaq.kz

Коронвирус жұқтырған шымкенттік мінген автобустың нөмірі жарияланды

25 наурыз 2020, 21:02

Коронавирус жұқтырған шымкенттік жігітпен бір автобуста болған жолаушылар іздестіріліп жатыр. Рейстің қалаға қашан, қалай келгені айтылып, көліктің нөмірі жария етілді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды. «Нұр-Сұлтан қаласынан Жетісайға (Түркістан облысы) мемлекеттік нөмірі «646 FNB 13» автобуспен сапар шеккен жолаушылар коронавирус инфекциясына сараптама тапсыру және одан ары карантинге орналасу үшін тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша 103 қызметіне жүгінуі қажет«, — делінген шұғыл таратылған ақпаратта. Сайт мәліметінше, автобус Нұр-Сұлтан қаласынан 19 наурыз күні сағат 17-30-да жолға шыққан. Шымкент қаласына 21 наурыз күні сағат 23-30-да келіп, «Бекжан базары« аялдамасына тоқтаған. Ал Жетісай қаласына 22 наурыз күні таңертең жеткен. Қазіргі сәтте автобуста болған 51 жолаушының 41-і табылып, барлығы стационарлық карантинге жатқызылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық