jasqazaq.kz

Коронавирусы асқынған бала аяғынан айырылуы мүмкін

15 қантар 2021, 16:36

Америкалық Мичиганның штатының Шелби өңірінде COVID-19-дың асқынуына байланысты баланың аяғын кесуге тура келді. Бұл туралы Fox 17 телеарнасының сайты мәлімдеді. Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

Он жастағы Дишан Джемисонның ыстығы көтерілген соң, 21 желтоқсанда анасы оны дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оған балалардағы көп жүйелі қабыну синдромы деген диагноз қойды. Дәрігерлердің айтуынша, Джемисон бұрын-соңды көрген аурудың ең ауыр жағдайға ұшыраған.

Баланың дәрігері Розмари Оливера синдром жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтырғаннан кейін екі-сегіз апта ішінде дамитынын айтады. Ауру ашық белгілерсіз өрбіген, екі аптадан соң ауру қозған.

Коронавирусқа тест тапсырған бес мың науқастың ішінде 21 балада жүйелі түрдегі асқыну анықталды. Ауру симптомдары: қызу көтерілу, көздің қызаруы, бөртпе, іш өту, құсу байқалған. Синдромның неден пайда болғаны анықталмаған.

Аурудың әсерінен баланың аяғында сұйықтық жиналған. Дәрігерлер баланың аяғын сақтап қалуға тырысқан, алайда ата-анасына кесу жалы шешімді айтуға мәжбүр болған.

«Мұндай шешімге келу өте қиын болды. Ампутациядан кейін өмірі қандай болады деп уайымдап отырмын. Футбол ойнағанды жақсы көреді, жалпы белсенді әрекеттерді ұнататын. Бұл — өте ауыр», — дейді баланың анасы Бриттни Отман.

Алайда ол өзін ұлы алдағы уақытта протездер көмегімен жүре алады деген үмітпен жұбатады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия