jasqazaq.kz

Коронавирустың жаңа түрі пайда болды

06 наурыз 2020, 20:06

Коронавирус мутацияланып, жаңа түрі пайда болды. Бұған дейін ол тұмаудың асқынған түрі деп есептелінген. Енді үрейлі індет жілік майынан да шықты. Жүйке жүйесіне жабысқан коронавирустың жаңа түріне «вирусты энцефалит» деген ат берілді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Коронавирустың жаңа түрі де тұңғыш рет Қытайдан шығып отыр. Бұған дейін мұндай жайт мүлде тіркелмеген екен. Яғни, тыныс алу жолдарын емдеу арқылы күресіп келген. Ал жілік майынан табылған коронавирус бұған дейін белгілі кеселден әлдеқайда күшті делініп отыр. Себебі, жүйке жүйені жаппай зақымдайды. Сондықтан да, өлім қаупі жоғары. «Вирусты энцефалит» тұңғыш мәрте 56 жастағы Қытай азаматынан анықталды. Дәрігерлер науқасқа антивирустық препараттар беріп, одан қалды бактерияға қарсы терапиядан да өткізген екен. Тіпті Шығыс медицинасымен де емдеп көрмек болыпты. Бірақ, беті бері қарамаған. Содан ауру оның жүйке жүйесінен шыққан. Айта кетейік, бүгінде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңға жетті. Соңғы бір тәулікте ғана аурудың тағы 33 елге тарағаны белгілі болды.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі