jasqazaq.kz

Коронавирустың өзгерген штамы қалай анықталады?

15 наурыз 2021, 18:31

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында шетелден келушілер арасында коронавирустың британиялық штамы анықталды ма деген сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, коронавирустың құрамы мен мутацияға ұшырауын жіті бақылап отыратын арнайы мамандар бар. «Нұр-Сұлтан қаласында соңғы үлгідегі және қазіргі заманға сай зерттеу жүргізетін «Секвинатор» деген аспап бар. Онымен зерттеу жұмыстары қазір де жүріп жатыр. Еуропа елдерінен өзгерген штамдар анықталмады. Бұл жұмысты республикалық ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша күшейтіп жатырмыз. Бір аптадан кейін «Секвинатор» Алматыға да жеткізіліп, ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады. Оның басты мақсаты – өзгерген штамдарды анықтау», — дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол коронавирус инфекцияның кең таралған бес түрі бар екенін атап өтті.

«Бұл бір британдық, екі американдық, бір бразилиялық штамм және оңтүстік африкалық штамм. Біз жаңа штамдарды анықтау үшін арнайы жүйе құрдық. Зерттеу нәтижелері туралы кем дегенде екі аптадан кейін ғана айта аламыз. Бүгінгі күнге дейін ПТР тесттерінің нәтижелері бойынша коронавирустың 145 түрлендірілген түрі анықталды. Бірақ, патогендік өзгерістер анықталған жоқ», — деді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия