jasqazaq.kz

Коронавирустың өкпеге тигізер зияны көрсетілді

02 ақпан 2020, 19:33

Қытайлық сарапшылар әлемдік қоғамға коронавирустан зардап шеккен ланьчжоулық науқастың өкпесінің суретін көрсетті. Бұл туралы  NUR.KZ хабарлайды.

Рентгенологтар берген мәліметтерге сай, аймақтың 33 жастағы тұрғыны Уханьнан келген соң алты күннен кейін медициналық көмекке жүгінген.

Әйел ауруханаға жөтел және қалтырау белгілерімен түскен. Radiology журналының жазуынша, келіншек бес тәулік бойы ауырған.

Науқасты компьютерлік томографияның зерттеген. Нәтижесінде әйелден «күңгірт шыны» деп аталатын белгі анықталған. Бұл тіндердің салыстырмалы жалпы массасының кескіндерінде өкпе тінінде жарық аймақтар болуымен сипатталады.

Жоғарыда көрсетілген суреттерде екі зерттеудің нәтижесі жарияланған. Біріншісі әйел ауруханаға түсе салысымен жасалған. Екіншісі үш күн уақыт өткен соң түсірілген. Дәрігерлердің айтуынша, дақтың көлемі үлкейе береді. Ал ауру асқынып, науқастың жағдайы нашарлай түседі.

Сарапшылар әйелдің болашағына қатысты ешқандай болжам жасамаған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия