jasqazaq.kz

Коронавирустың екінші толқынында 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

24 қыркүйек 2020, 12:09

Коронавирустың жаңа толқынында 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«COVID індетінің еңбек нарығы үшін қатері мен теріс әсері әлі де бар. Егер коронавирустың екінші толқыны келіп жатса және қатаң шектеу шаралары қабылданса, онда біздің бағалауымызша 2,2 млн-нан астам адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін. Осы жағдайда болжам бойынша жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығы немесе 4 млн адам жұмысын сақтап қалады», — деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның дерегінше, негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін адамдар жұмысын сақтап қалады.

«Үштен бірі немесе 2,5 млн адам қашықтан орындалатын жұмыс режиміне ауысуы мүмкін. 2 млн адамның жұмыс уақыты қысқарып, олар ақылы немесе басым бөлігі ақысыз демалысқа шығарылуы ықтимал. Бұл — бірінші кезекте сауда, көлік, тұтыну және тамақтану қызметтері саласындағы қызметкерлер. Бағалау бойынша 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін», — деді министр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия