jasqazaq.kz

Коронавирустың бұған дейін айтылмаған қаупін атады

14 мамыр 2020, 11:17


COVID-19 өкпені ғана емес, ірі қан тамырларын да зақымдайды. Салдарынан инфаркт және инсульт болуы мүмкін.

OVID-19 бір ғана вируспен адамды бірнеше ауруға шалдықтырады. Бұл туралы Новосібір қаласындағы тромбоздың алдын алу орталығының директоры Андрей Громов мәлімдеді.    Маманның айтуынша, науқастарды коронавирустан емдеп жатқан дәрігерлер «көлеңкемен күресіп жүр». Өйткені олар бір процесті емдеген кезде вирус ағзаның басқа мүшесіне зақым келтіреді. Громов «Россия 24»-ке берген сұхбатында осының салдарынан терапия жасау мүмкін болмайтынын айтты.

«Осыған байланысты қиындық туындайды. COVID-19 әдеттегі респираторлық вирустық инфекция сынды басталады. Дәрі-дәрмектің көмегі болуы үшін бірнеше күн ғана бар. Кейін ол өкпеге жетеді. Науқастың тыныс алуы қиындайды», — деді ол.
Громов вирус ірі қан тамырларын да зақымдайтынын жеткізді. Салдарынан инфаркт, инсульт болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде төрт миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. 287 мың адам көз жұмды.

Sputnik

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі