jasqazaq.kz

Коронавирустың «британдық» штамы пандемияның жаңа толқынын туғызуы мүмкін

12 қантар 2021, 15:18

 

Коронавирустың «британдық» штаммы COVID-19 пандемиясының жаңа толқынының бастауы болуы мүмкін. Wellcome Trust қоры мен Базель университеті қызметкерлерінің пікірінше, бұл құбылысты тек қатаң шектеу шаралары тоқтата алады екен. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

B.1.1.7 штаммы әдеттегіден 50-70% жұқпалы болып келетіндігі белгілі. Ғалымдар аталған штаммның адам денсаулығына қауіптілігі әлі дәлелденбегеніне қарамастан, оның жоғары жұқпалылығы алаңдаушылық туғызады.

Мутация таралған елдерде қайғылы гипотеза қазірдің өзінде расталуда. Ирландияда COVID-19 жұқтырғандардың төрттен бірінде B.1.1.7 штаммы анықталған. Данияда да осындай жағдай орын алуда.

Сонымен қатар, ғалымдар Оңтүстік Африкада пайда болған B.1.351 деп аталған жаңа мутациясына зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, Ұлыбританияда B.1.1.7 атаулы коронавирустың жаңа штамы анықталды. Кейін ол әлемнің 41 еліне және Ресейге тарап үлгерді. Коронавирустың жаңа штамы туралы толық мәліметтерді мына жерден көруге болады. Әзірге Қазақстанда мұндай штамы бар ауыру белгілері тіркелген жоқ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия