jasqazaq.kz

Коронавирусты жеңген оралдық әйелдің әңгімесі

09 сәуiр 2020, 12:38

#үйдеотыр

Әлия барлық әлеуметтік желіде өзінің жеке мәліметтері таралып кеткенін көрген кезде есеңгіреп қалған.

Орал қаласының тұрғыны Атырауға барып келгеннен кейін коронавирусқа қарсы тексеріліп көруге шешім қабылдаған. Сынама оң нәтиже көрсеткенін білгенде есеңгіреп қалғанын айтады. Әйел жергілікті Мой Город басылымына оқиғаның қалай өрбігенін баяндап берді.

Әлия өзінің диагнозы туралы 29 наурызда білген, ол таяуда ғана Атыраудан іссапардан келген екен. Оралға келгеннен кейін дене қызуы көтерілгенін сезіп, коронавирусқа тексерілуге барған. Әлиядан дәрігерлер бірнеше анализ алған. Нәтижесі дайын болмағанына қарамастан, ол ауруханаға жатқызуды талап еткен.

«Неге екенін білмеймін, менде ешқандай коронавирус жоқ деп ойладым. Таңертең үйіме, жақындарымның жанына барамын деген ойда болдым. Алайда мен қателесіппін, 29 наурызда маған хабарласып, COVID-19 талдауының нәтижесі оң екенін айтты. Не болып жатқанын түсінбей қалдым, көзім қарауытып, не айтып, не қойғанымды түсіне алмадым. Бірден кіммен байланыста болғанымды есіме түсіруге кірістім», — дейді ол.

Сол күні Әлияны жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырып, ол жерде бірден жансақтау бөліміне орналастырған. Коронавирус анықталған соң оралдықтар Әлияны желіде орынсыз айыптай бастаған. Онымен байланыста болғандардың барлығы дін аман екеніне қарамастан, «Оралға ауруды алып келдің» деп кінәлаған.

«Адамдар әлеуметтік желілерде көп жаман сөз жазды. Атырауда инфекция бар екенін біліп тұрып барған жауапсыз деп айыптады. Кейбірі тіпті соттау керек дегенді де айтты. Маған ондай пікірлерді оқу қиын болды. Коронавирусты бүкіл әлемде жүздеген мың адам жұқтырды, мен де соның бірімін. Адам өзінің вирус тасымалдаушы екенін білмейді», — деп атап өтті әйел.

Әлияның айтуынша, ол барлық әлеуметтік желіде өзінің жеке мәліметтері тарап жүргенін көрген кезде де есеңгіреп қалған. Әлияның соңғы талдаулары теріс нәтиже көрсетті, ол толығымен COVID-19 инфекциясынан емделді. Енді 14 күн дәрігерлердің бақылауында болады.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде