jasqazaq.kz

Коронавирустан жазылып шыққан адамдардың есімі жарияланбайды

26 наурыз 2020, 16:23

#үйдеотыр

Коронавирустан жазызылып шыққан азаматтардың бірі Алматыда, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Кеше айтқанымыздай коронавирустан екі адам жазылып шықты. Олардың біреуі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабары бойынша, кеше осы ақпарат тараған соң БАҚ өкілдері пациенттер туралы сұрап, хабарласқан екен. Сондықтан дәрігерлік құпияны сақтау жөнінде тағы да бір еске саламыз. Ешкім де коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол адамның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер. Олардың барлығы өз азаматтарымыз», — деді Дәурен Абаев. Оның айтуынша, коронавирустан жазылған азаматтар өздеріне қатысты жеке мәліметтерді жария етпеуге құқықтары бар. «Біз оны сыйлауымыз керек. Сонымен бірге егер ол адамдар туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол кісілердің рұқсатынсыз ешкімге бермеулеріңізді сұраймыз», — деді министр.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде