jasqazaq.kz

Коронавирустан жазылған америкалық қазақстандықтарға кеңес берді

30 наурыз 2020, 10:04

COVID-19 коронавирусына шалдығып, емделіп шыққан америкалық қазақстандықтарға кеңес берді.

АҚШ-та 140 мың адам инфекция жұқтырды. Нью-Йорктің науқастарға толы ауруханалары барлығын орналастыра алмай жатыр. Көптеген адамдар дәрігерлердің нұсқауымен аурумен үйде оқшауланып күресіп жатыр. Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ солардың бірі. Әйел ауру белгілері ерекше болмағандықтан COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже береді деп күтпеген. Жөтелмеген және тыныс алуы нашарламаған. Марисса бір аптадан кейін өзін жақсы сезіне бастаған, бірақ толықтай сауығып кеткенше үйде оқшауланған. Марисса Котэ үйде қалу керектігін атап өтті. Жас келіншек «Хабар-24» телеарнасының эфирінде біздің еліміздің азаматтарына өз кеңесін айтты. «Мен қазақстандықтарға мынадай кеңес бергім келеді – көңілді болып жүру аса маңызды. Сұйықтық көп ішіңіздер, дәрумендер мен дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді іше беріңіздер. Үйді толықтай – барлық заттарды дезинфекциялау қажет. Белгілі болғандай, көптеген адамдар жазылып келе жатыр», — деді ол.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі