jasqazaq.kz

Коронавирустан жалпы саны 20 медицина маманы көз жұмды

13 тамыз 2020, 14:17

Бұл туралы Astana Adaldyq Alańy аясында өткен тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті. Бұл туралы    inbusiness.kz-ке сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

«Жұқпалы аурулар ауруханаларының жүктемесін 99%-дан 13,3%-ға жеткіздік. Қазір 362 адам ем қабылдауда. Бұл төмен көрсеткіш. Алайда өкінішке орай пандемия кезінде 267 адам көз жұмды. Оның ішінде медицина мамандары да бар. Нұр-Сұлтанда халыққа көмек көрсетіп жүрген 20 «ақ халатты» қайтыс болды. Олардың отбасыларына көңіл айтамыз», – деген басқарма басшысы пандемия кезіндегі ауруханалардың жүктемесі туралы сөз қозғады.

«Індет өршіп тұрған кезде денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесі 3-4 есе артты. Күніне жедел жәрдемге 3500 қоңырау түсетін. Мамандар орта есеппен 2800 шақыртуға баратын. Бұл біздің техникалық мүмкіндігімізден де жоғары еді. Соған сәйкес науқастың коронавирусты жұқтырған немесе жұқтырмағанын анықтайтын ситуациялық орталық ашып, арнайы ботты іске қостық. Енді екінші толқынға дайындығымызды күшейтудеміз», – деді Тимур Мұратов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия