Қазақстанда тағы 23 адам коронавирустан қайтыс болды.Бұл туралы zakon.kz. хабарлайды.
Қазіргі уақытта 25 650 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 105-і — бала. Ауруханаларда 4 713 науқас, амбулаториялық деңгейде 20 937 науқас бар.
246 адамның жағдайы ауыр, 69-ынікі — өте ауыр, 70-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Жалпы, елімізде КВИ-дан 1 269 адам қайтыс болды.