
Қазақстанда 25 мамырда бір тәулікте 23 адам қайтыс болды, 166 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
27 мамырдағы жағдай бойынша, 30 872 адам коронавирус инфекциясынан (30 297 КВИ+ және 575 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде, 11 724 науқас стационарда, 19 148 науқас амбулаторлық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 682 адамның жағдайы ауыр,
• 166 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
