jasqazaq.kz

Коронавирустан көз жұмғандар саны 490 адамға жетті

05 ақпан 2020, 10:38

Жаңа коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны сәрсенбі күні 490-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирустан алғашқы адам мерт болғанын естігеннен кейін америкалық екі әуе желісі Гонконгқа ұшуын тоқтатты. Жапондық круиз кемесінде 10 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Кеме қазір карантинде. Қытайдың Денсаулық сақтау ұлттық комиссиясының хабарламасына сәйкес, сейсенбі күні 65 адам мерт болып, құрлықтағы қаза тапқандардың жалпы саны 490-ға жетті. Олардың көпшілігі вирус пайда болған Ухань қаласы мен оның аймағында тіркелді.

Қытайдан басқа елдерде жаңа коронавирустан екі адам көз жұмған. Сейсенбі күні Гонконгта вирус ошағына айналған Ухань қаласына барған 39 жастағы азамат қайтыс болды. Тағы бір ер адам Ухань қаласына барғаннан кейін Филиппинде мерт болды. Қытайдың құрлықтық бөлігінде вирус жұқтырған 3 887 адам тіркеліп, жалпы індетті жұқтырғандар саны 24 324 адамға жетті.

Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Иокогама портында карантинде тұрған круиз кемесінің 10 жолаушысында коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен. Мыңдаған адам мен экипаж мүшелерін медициналық тексерістен өткізу жалғасып жатқандықтан бұл көрсеткіш ұлғаюы мүмкін.

Қазіргі уақытқа дейін 273 адам тексеріліп, оның 31-і күдікті деп танылып, 10-ы індетті жұқтырғаны расталды. Carnival Corp (CCL.N) кемесінің бортында 3700 жолаушы мен экипаж мүшелері бар. ДДСҰ тағы 24 ел мен аймақтарда 176 адам індетті жұқтырғанын мәлім етті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия