jasqazaq.kz

Коронавирустан көз жұмған әйелге қатысты тексеру жүргізіліп, бас дәрігер жазаланды

31 наурыз 2020, 0:30

#үйдеотыр

Әлеуметтік желіде коронавирустан қайтыс болған әйелдің жедел жәрдемді үш рет шақырғанына қарамастан ауруханаға жатқызылмағаны туралы ақпарат тарады. Осы жағдайға қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ақмола облысында қайтыс болған әйелдің қазасына байланысты жақындары мен туыстарына тағы да көңіл айтамын. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Негізі бізге ресми түрде ешкім хат жазған жоқ. Тексеру нәтижесінде медициналық қызметкерлер жағдай коронавирусқа байланысты болуы мүмкін екенін болжамағаны және жедел жәрдемді бірінші рет шақырған кезде науқас ауруханаға жатқызылмағаны анықталды. Науқасқа суық тиюіне байланысты ем-дом жазып берген. Науқастың туыстарына түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген, соның салдарынан ол ауруханаға кеш жатқызылған. Бұл жағдай адам өлімімен аяқталды. Тексеру барысында осындай кемшіліктер анықталып, жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері мен денсаулық сақтау басқармасының басшысына тәртіптік жаза қолданылды», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Оның айтуынша, тест нәтижесіне қатысты қателіктер болған. «Техникалық себеппен тест нәтижесін беруге қатысты қателіктер болған. Сол күні зертханада жүктеме көп болған, сондықтан тестің соңғы нәтижесі сәл кешірек шыққан. Тест нәтижесі науқас қайтыс болғаннан кейін дайын болған. Бұл жағдайға қатысты мәселені талқылап, зертханалар тұрақты түрде жұмыс істеу жағын қарастырдық. Тек бір зертхананың өзінде ғана күніне мың тест жасалады. Бір құрылғыдан ең көп дегенде 30 тест өткізуге болады. Біз мұндай жағдай қайталанбас үшін бар күшімізді саламыз», — дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде