jasqazaq.kz

Коронавирустан көз жұмған әйел шетелге шықпаған

27 наурыз 2020, 12:24

#үйдеотыр

64 жастағы әйелдің коронавирустан көз жұмғанына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды.

Әйелдің өліміне екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті салдарынан болған сепсис, гипертония және атеросклероз себеп болған. Пневмонияның себебі – коронавирус. «Науқас медициналық мекемеге 25 наурыз күні сағат 07:00-де ауыр жағдайда жеткізілген. Онда тыныс алу жеткіліксіздігі, интоксикация синдромы және сонымен қатар жүретін патологиялардың болған. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен ЖРВИ-ге алдын-ала төтенше хабарлама берілген. Ол №2 Көпсалалы облыстық аурухананың оқшауланған бөлмесіне жатқызылған. Туыстарының айтуынша, ол шетелге шықпаған және ЖРВИ, коронавирус дертіне шалдыққандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған», — дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сүлен Ілиясов Хабарда 24-те өткен тікелей эфирде. Оның айтуынша, науқаспен байланыста болған адамдар оқшаулатылып, олардан коронавирус сынамалары алынған. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар жүргізілуде. Сүлен Ілиясов коронавирустан көз жұмған әйелдің жақындарына көңіл айтты.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі