jasqazaq.kz

Коронавирустан қалай қорғануға болады?

04 наурыз 2020, 12:46

Медициналық масканы тағу ауруға шалдыққан адам мен дәрігерге ғана керек. Бұл туралы коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында өткен брифингте айтылды.

«ДДСҰ және коронавирус бойынша жұмыс істейтін ұйымдар бұл дерттен қорғанудың ең басты амалы маска тағу емес екенін айтады. Себебі бұл ауада ұшып жұғатын ауру емес. Ең бастысы — жеке бас гигиенасын дұрыс сақтау керек», — дейді Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Динагүл Баешова. Оның айтуынша, медициналық маска ауру адам түшкірген кезде сілекейін шашпауы үшін және науқастармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге керек. «Бұл жағдайда қасыңда тұрған адамнан өзіңді кем дегенде екі метр алыс ұстауың керек. Егер ауырған адамға өте жақын тұрсаңыз, сізді медициналық маска құтқармайды. Оны коронавирус инфекциясын алдын алу үшін қолдануға болады. Оңтүстік Кореяда дүкенде кезекте тұрған адамдар медициналық маска таққанымен, бір-біріне өте жақын орналасқан. Өздеріңіз көріп отырғандай, соның салдарынан ауырғандар саны күрт өсіп келеді. Вирус жақын байланыс болған кезде жұғады. Жасанды дүрлігу жағдайын тудырудың қажеті жоқ», — дейді ол. Сондай-ақ, профессор коронавирустан сақтану жолдарын айтты. «Коронавирус 60-70 ыстық температура жағдайында бірден өліп қалады, сол себепті шикі азық-түлік тұтынбаңыздар. Алдымен ыстық сумен жуып алу керек. Қолды жиі жуу қажет», — дейді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді