jasqazaq.kz

Коронавирустан екі жасар сәби емделіп шықты

01 сәуiр 2020, 13:49

#үйдеотыр

Алматыда қазіргі уақытта инфекциялық стационардан COVID-19 анықталған 3 пациент емделіп шықты. Бұл туралы  Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Олар — қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада ем қабылдаған бір бала мен екі пациент. Олардың біреуі 31 наурыз күні кешке ауруханадан шығарылды. Ауруханадан шығарылған пациенттер 14 күндік үй жағдайындағы карантинде болады. Екі пациент 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген. Олар келген кезде шектеу енгізіліп, жаңа алгорит мен Қаулы іске қосылған. Экипажды қосқанда, 12 адамнан тұратын бүкіл борт оқшауланып, карантинге жабылды, инфекциялық стационарға жатқызылды, зертханалық зерттеу үшін анализдер алынды. Жеті адамнан диагноз расталған. Үшінші пациент – бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған адам. Бүгінде Алматыда коронавирустен сауығып шыққан 10 адам ауруханадан шығарылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия