jasqazaq.kz

Коронавирустан да қауіпті жаңа вирус! Қытай елшілігі мәлімдеме жасады

10 шiлде 2020, 22:13

Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр. Коронавирустан да қауіпті жаңа вирустың тез таралуына байланысты Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі мәлімдеме жасады. Ал оны әлемнің танымал ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Қытайлық дипломаттар Қазақстанда беймәлім аурудан қайтыс болғандардың саны КОВИД-19-дан да асып кеткеніне алаңдаулы. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі:

— Бұл ауруды не қоздыратынын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіліп жатыр. Коронавируспен салыстырғанда өлім көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Елшілік Қытай Халық Республикасының азаматтарын сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сонда ғана індетті жұқтыру қаупі азаяды.

Қытай дипломаттарының жаңа инфекция дегені – пневмония. Олар Атырау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласындағы көрсеткіштің күрт көбеюін негізге алып, осындай тоқтамға келген. Жаңа вирус деп айдар тағып, барынша сақтану қажет деп осылайша дабыл қағып отыр. Алайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп, ресми түрде жоққа шығарды.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрілігің ресми өкілі:

— Бізде ДСҰ халықаралық індетті реттейтін классификациясы бар. Оның кодтары бар мына пневмания ауруына сай. Сол классификацияға сәйкес, біз пневмония ауруын міндетті түрде есепке алып, мониторинг жүргіземіз. Сол мониторингтың арқасында дер кезінде шара қолданамыз. Сондықтан да Қытай ақпарат құралдарының беріп отырған бұл мәліметі шындыққа еш жанаспайды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді