jasqazaq.kz

Коронавирусқа шалдыққан 310 адамның жағдайы ауыр

03 ақпан 2021, 17:50

Коронавирусқа шалдыққан 310 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

«Осы жылдың басынан бері республика бойынша денсаулық жағдайы ауыр пациенттердің саны едәуір төмендегені байқалады. Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде ауыр науқастардың саны алдыңғы аймен салыстырғанда өсіп келеді. Ол: Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында. 3 ақпандағы жағдай бойынша республикада коронавирус инфекциясы бар жағдайы ауыр науқастардың саны – 310 адам. Жағдайы өте ауыры — 57. Жасанды тыныс алу аппаратында 52 пациент бар», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Оның дерегінше, пациенттердің 64 пайызы коронавирустың оң диагнозы бар науқастар. Тәулігіне реанимацияға 30-дан 50-ге дейін науқас түседі. Реанимация бөлімшесіндегі ауруларды талдау кезінде пациенттердің 70 пайызға жуығында қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің обструктивтік ауруы, семіздік, бауыр циррозы және онкологиялық аурулар сияқты жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар екенін көрсетіп отыр. «Осы пациенттердің 66 пайызы алғашқы тәулікте ауыр күйде түсіп жатыр. Бұл көбінесе үйде өз бетінше емделу әрекетінен кейін медициналық көмекке кеш жүгінуді білдіретінін айта кету керек. Учаскелерде COVID-19 симптомсыз, жеңіл нысаны бар науқастарды амбулаториялық бақылаудың чек-парақтары, COVID-19 бар баланың жағдайын бақылау бойынша ата-аналарға арналған чек-парақтар жүргізілуі тиіс», — деді Ажар Ғиният.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия