jasqazaq.kz

Коронавирусқа қатысты тараған 200-ге жуық жалған ақпарат анықталды

04 ақпан 2020, 17:25

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус індеті туралы жалған ақпарат таратпауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорқыныш тудыратын хабар таратуды тоқтатыңыздар. Олардың бәрі қауесетке толы екенін тағы да ескертеміз. Адамдарды шатастыру жақсылыққа апармайды. Сондықтан да ресми ақпараттарға ғана сүйеніңіздер. Халықаралық ұйымдар коронавирус туралы 200-ге жуық жалған ақпаратты тіркеді. Қауесеттер мен жалған ақпараттарды талдай отырып, олардың шындыққа жанаспайтынын айқын дәлелдеген журналистер мен блогерлерге алғысымызды білдіреміз», — деді Диас Ахметшәріп Қазмедиа орталығында өткен брифингте. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жағдайы туралы күн сайын ресми ақпарат таратады. «Мен бүгіннен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалдым. Біз коронавируске байланысты жағдайды халыққа жедел жариялап отыру үшін осы коммуникациялық алаңды құрдық. Әр жұмыс күні, сағат 16.00-де Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі ретінде сіздерге күнделікті жағдайды түсіндіріп отырамын. Біз барлық азаматтар мен журналистерден үрей туғызатын жалған ақпарат таратуды тоқтатуды сұраймыз. Сондықтан да Президент, Үкімет және Денсаулық сақтау министрлігінің сайттары сияқты ресми дереккөздерді пайдалануды өтінеміз», — деді Д. Ахметшәріп.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия