jasqazaq.kz

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

05 қантар 2021, 17:16


Қытай астанасында коронавирусқа қарсы вакцинация жасатуға кезек пайда болды. Әлемдегі осы және өзге де жаңалықтар Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында ұсынылған.

«Осы аптада Қытайда жаппай вакцинациялау науқаны жүргізілуде. Ел билігі Қытай Жаңа жыл мерекесі басталғанға дейін миллиондаған адамға екпе егуді жоспарлап отыр. Вакцинацияның алғашқы екі күнінде Бейжіңде препараттың алғашқы дозасын 73 мыңнан астам адам алған. Қытай астанасында бұл үшін кезек пайда болған. Екпелер алдымен автобус жүргізушілері мен әлеуметтік қызметкерлерге жасалып жатыр», — делінген ақпаратта. Ал Англияда коронавирустың жаңа, өте жұқпалы штаммының тез таралуының кесірінен эпидемиологиялық ахуал нашарлап, ел аумағында қатаң шектеу шаралары енгізілді. Дүйсенбі күні Британияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 58 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелді, 407 адам қайтыс болды. Шотландияда 5 қаңтардан бастап қатаң карантин енгізілді. Оны тұрғындар заң бойынша сақтауға міндетті. Аса қажет болмаған жағдайда үйден шығуға тыйым салынған. Мектептер ақпан айына дейін жабық болады. Жапония билігі болса жаппай вакцинация қалыпты режимге оралуға және жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге мүмкіндік беретініне күмітті. Бірақ әзірге ел астанасында СOVID-19 тез таралуда және қалада төтенше жағдай жариялануы мүмкін. 2020 жылдың 31 желтоқсанында Жапонияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсімі рекордтық деңгейді көрсетті – 4 520 жағдай, ал жексенбі күні – 3 158 науқас тіркелді.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия