jasqazaq.kz

Коронавирусқа қарсы жаңа препарат емдеу хаттамасына енгізілуі мүмкін

27 шiлде 2022, 17:05

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жаңа препаратты клиникалық хаттамаға енгізуді қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаментінің басшысы Бауыржан Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемде КВИ-ді емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрі-дәрмек бар. Бірақ ол препараттар зерттеудің соңғы кезеңінен өткен жоқ. Дегенмен, бірқатар елдер кейбір дәрі-дәрмектерді шұғыл жағдайда қолдануға ұсыныс беріп отыр. Қазір бұл бағытта біздің клиникалық хаттаманы әзірлеуші мамандар белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыс нәтижесін жариялаймыз. Бір ай ішінде белгілі болып қалады», — деді Бауыржан Жүсіпов ОКҚ-де өткен брифингіде. Айта кетсек, қазір орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Брифингіде белгілі болғандай шілде айы басталғалы 3 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды. Сонымен қатар, қазір әлемде омикрон штамының өршіп тұрғаны айтылды. Сондай-ақ, еліміз 300 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алу бойынша келісім жүргізіп жатыр

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр