jasqazaq.kz

Коронавирусқа қарсы вакцина халал ма?

03 ақпан 2021, 20:40

1 ақпаннан бастап қазақстандықтарға егіліп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина халал ма? Дәл осы сауал бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясовқа қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Вакцинаның халал әлі халал еместігіне қатысты жайт медициналық мәселеге жатпайды. Көптеген ислам елдерінде вакцинация процедурасын өткізу жоспарланып отыр. Вакцинаны әзірлеу өте күрделі жағдайда өтуіне, аталған вакцинаның жедел қажеттілігіне байланысты вакцинаның халал немесе халал еместігі туралы мәселе қаралмайды да. Өйткені, шалдығу мен өлім-жітім жоғары болып тұр. Біз, дәрігерлер, вакцинаның тиімділігін ғана талқылай аламыз», — деді вице-министр Ерлан Қиясов.

Ал Ажар Ғиният вакцинаның адам аденовирусы базасында әзірленгенін айтады.

«Егер вакцинаның құрамына қатысты айтып отырсаңыз, онда вакцина адамның аденеовирусы базасында әзірленген. Сондықтан сізді құрамы қызықтырып отырса, онда бұл адами вирус», — деді вице-министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде