jasqazaq.kz

«Коронавирусқа қарсы дәріден» 44 адам көз жұмды

11 наурыз 2020, 14:25

Метанол коронавирус инфекциясын болдырмауға және емдеуге көмектеседі деген қауесеттер Иранда кем дегенде 44 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Fox News-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Құрбандардың саны тез өсуде. Екі жүзден астам адам ауруханаға жеткізілді, ондаған адам көру қабілетінен айырылды. Өлгендер мен зардап шеккен ирандықтар коронавирусты жеңуге үміттеніп, құрамында метанол бар кез келген химикатты ішуге дайын болған, олардың ішінде антифриз, еріткіш және тіпті автомобиль жанармайы бар.

Бұған дейін Альборз қаласының прокуратурасының өкілі Мохаммад Агаяри адамдар ғаламтордағы жалған ақпараттарды оқып, метанол коронавирусқа қарсы тұруға көмектеседі деп сенген, дейді.

Иранда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 8042 адамға дейін өсті, ал 2731 адам қалпына келді, 297 қайтыс болды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия