jasqazaq.kz

Коронавирус жұқтырған соңғы 4 адам жайлы не білеміз?

25 наурыз 2020, 8:24

Фото: Сағат 8:20 уақыты бойынша алынған мәлімет

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырып тіркелген соңғы 4 адамның мәліметтері жария етілді.  coronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, 24 наурызда кешкі сағат 21:40-тан бастап елімізде коронавирус жұқтырған 4 адам тіркелді. Шымкентте алғашқы оқиға тіркелді. 1996 жылғы азамат инфекциялық стационарда жатыр. Ер адам Шымкентке Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты. Онымен байланыста болғандардың барлығы анықталған. Қазір олар оқшаулануға алынуда. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін Шымкент қаласының жедел штаб мүшелері барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, штаб шешімімен барлық бағынысты ведомство органдары қаладағы эпидемиологиялық жағдайды айрықша бақылауға алды. Екінші жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. 1938 жылғы ер адам стационарда жатыр. Үшінші оқиға Жамбыл облысында тіркелді. Бұл 1979 жылғы азамат. Ол Қырғызстаннан келген. Стационарға жатқызылған. Коронавирус инфекциясына қатысты төртінші жағдай Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Ол 1993 жылғы азаматша Ресей Федерациясынан келген. Ол провизорлық стационарда дәрігерлердің бақылауына алынды. Онымен байланысты болғандардың барлығы анықталды және стационарлық карантинге оқшауланды. Осылайша елімізде жалпы 72 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі