jasqazaq.kz

Коронавирус жұқтырған қостанайлық Мысырдан келген

03 сәуiр 2020, 20:41

#үйдеотыр

Қостанай облысында тiркелген алғашқы жағдай туралы «Хабар 24» арнасында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев ақпарат берді. 

Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, коронавирус жұқтырған 1991 жылы туған азаматша 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх — Алматы» рейсімен ұшып келген. «Бастапқы тексеру кезінде одан және Қостанай облысының тағы 4 азаматынан вирус табылған жоқ. Осылайша олар Жамбыл облысындағы Отар стансасынан пойызға отырып, Қостанайға бағыт алған. Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдады. Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланды. Емханадағы талдау теріс нәтиже көрсетті. Он екінші күні қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсетті.Қазіргі уақытта тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр», — деді Марат Жүндібаев.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия