jasqazaq.kz

Коронавирус жұқтырған британдық әйел жантүршігерлік видео түсірді

23 наурыз 2020, 10:49

Коронавирусты жұқтырған британдық Тара Джейн Лэнгстон Facebook-тегі парақшасында жатүршігерлік видео хабарлама жүктеген. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

39 жастағы Дженй Лэнгстон 13 наурызда ауруханаға түскен. Ол өзін интенсивті терапияда жатқан уақытта видеоға түсіріп, аурудың қалай өрбігені туралы айтып берді.

«Қараңыздаршы, мен жансақтау бөлімінде жатырмын, түтіксіз тыныс ала алмаймын. Маған катетер қосылған. Қазір мен өзімді бұрынғыдан он есе жақсы сезінемін. Егер сіз әлі де темекі шегетін болсаңыз, дәл қазір бұл әдетті тастаңыз. Себебі өкпе сізге әлі керек болады. Сіздерге айтарым, барлық сақтық шараларын сақтаңыздар. Бұл өте қорқынышты. Сіздің де басыңызға түсуі мүмкін» , — дейді ол.

Басылымға берген сұхбатында британдық әйел оған тыныс алу қиынға соғатынын айтты.

«Өкпеде әйнектің сынықтары тұрғандай. Түсіндіру қиын. Мен әр тынысым үшін күресуім керек. Бұл қорқынышты. Тағы да мұндай нәрседен өткім келмес еді», — деді ол. Айтуынша, ауруханаға жатқызыларынан бес күн бұрын ол өзін жайсыз сезінгенін.

Бастапқыда дәрігерлер оның өкпесіне инфекция түскен деп ойлаған. Оған антибиотиктер, ибупрофен және парацетамол дәрілерін жазып берген.

«Мен күніне сегіз таблетка ибупрофен ішетінмін. Қазір дәрігерлер дәл осы дәрілер жағдайымды одан сайын ушықтырды деп отыр», — дейді Джейн Лэнгстон.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия