jasqazaq.kz

Коронавирус жұқтырған әйел босанды

29 сәуiр 2020, 22:15

Түркістан облысы, Кентау қаласында коронавирус жұқтырған әйел босанды. Қазір сәби оқшауланып, облыстық перзентханада дәрігерлердің бақылауына алынды.

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, босану уақыты жақындаған 22 жастағы жүкті әйел Кентау қалалық орталық аурухананың жұқпалы аурулар стационарына 27 сәуір күні жатқызылған. Оның денсаулығы толық тексеріліп, коронавирусты инфекцияның орташа дәрежедегі ауырлық жағдайы расталған. Науқаста дене қызуының көтерілуі мен екі жақты пневмония, жөтел белгілері болған. Гемотрансфузия жасалынып, емдеу шаралары жасалған. Нәтижесінде аурухананың білікті дәрігер-реаниматологтары мен гинекологтары және акушер құрамы жүкті әйелді сәтті босандырып алған. Салмағы 3400 гр болатын ұл бала дүниеге келді.

«Анасы жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Барлық медициналық шара Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлбану Сыздықованың тікелей басқаруымен жүргізілді. Ана мен бала өміріне араша түсіп, жанкешті ерлік танытқан дәрігер –гинеколог Гүлжан Дүкенбаева, акушер Гүлсанам Мажитова, реаниматолог Ысқақ Қанат пен дәрігер-инфекционист Мухтабар Шерметоваға науқастың туған-туыстары алғыстарын білдіруде», — делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі