jasqazaq.kz

Коронавирус жұқтырған адам не істеу керек?

17 маусым 2020, 17:01

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар бірінші кезекте не істеу керектігін түсіндірді.

«Тағы да еске салып өтейін, егер коронавирус инфекциясына тапсырған анализден індет анықталса, онда үйде оқшаулану керек. Осы орайда маска тағу режимін сақтап, күніне үш мәрте термометрия жүргізу қажет. Сонымен қатар, жеке гигиенаның барлық шараларын орындап, жеке ыдыстарды пайдаланып, бөлмені желдеткен дұрыс», — деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, 500 миллиграмнан парацетамол және күніне бір рет аспирин (150 миллиграм) қабылдау керек. Сәуле Қисықованың айтуынша, 3-5 күн аралығында дене қызуының көтерілуі корнавирус инфекциясы қалыпты дәрежеде өтіп жатқанда байқалады.

«Аумақтық тіркелу жеріне қарай жедел жәрдім немесе емхананың call-орталығына хабарлау керек. Осы орайда карантин жайында және не себепті хабарласқаныңызды ескерту қажет», — деді ол.

Осы орайда С. Қисықова қарттар, жүрек-қан тамыры әрі онкологиялық ауруы барлар, трансплантациялаудан өткен тұрғындар өздерін емдеумен айналыспай, бірден учаскелік дәрігермен байланысқа шағуы керектігін ескертті.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі