
Коронавирус жұқтырған 308 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 376 адам коронавирус инфекциясынан (–17 655+ және 2 721 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 786 пациент стационарда, 16 590 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 308 адамның жағдайы ауыр, • 80 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 65 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.