jasqazaq.kz

Коронавирус жұқтырған 14 науқастың жай-күйі қалай?

17 наурыз 2020, 15:46

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған 14 жаңа науқастың жай-күйі туралы айтып берді,.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«14 адамның барлығы бір рейспен келген жоқ. Бес адам – қаладағы инфекциялық блоктың стационарында жатқан. Қалған 9 адам – эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген жолаушыларды тексеру барысында табылды. Оның ішінде 4 адам – Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп танылған Италия мен Оңтүстік Кореядан келген», — деді басқарма басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, бір науқас жұқпалы аурулар ауруханасында орташа деңгейдегі Жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жатқан. Оны қосымша тексеру барысында коронавирустық инфекция табылды және ем тағайындалды.

«Барлығының жағдайы қанағаттанаралық, клиникалық белгілер жоқ. Барлығы Нұр-Сұлтан қаласының көпбейінді медициналық орталығының инфекциялық стационарына жатқызылды», — деді С. Қисықова.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі