jasqazaq.kz

Коронавирус туралы жалған хабар таратқан медбике жұмыстан кетеді

04 наурыз 2020, 9:56

Мессенжерде коронавирус туралы жалған хабар таратқан Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі елден кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Lada.kz порталына сілтеме жасап. Бүгін Жаңаөзен ауруханасында коронавирус жұқтырған адам бар деген хабар WhatsApp арқылы тез тарап кетті. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, Жаңаөзенде коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелмегенін жеткізді. Кейіннен жалған хабарды таратқан әйелдің кім екені анықталды. Ол – қалалық аурухананың медбикесі Арухан Шырақбаева болып шықты. Ол бұл әрекетін туыстарына арналған қалжың деп түсіндірді. Арухан Шырақбаева мессенжердегі хабарламасында Оңтүстік Корея астанасы Сеулден келген студент қыз коронавирус күдігімен ауруханада жатқанын айтқан. Бірақ ол аудиохабарламаны осыншама тез және жан-жаққа тарап кетеді деп ойламаған. Ол Жаңаөзен тұрғындарына арнап видео түсіріп, кешірім сұрады. «Хабарламада айтылған мәлімет шындыққа жанаспайды. Мен Жаңаөзен тұрғындарынан кешірім сұраймын», — дейді Арухан Шырақбаева. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған медбике өз еркімен жұмыстан шығу жөнінде өтініш жазған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия