jasqazaq.kz

Коронавирус: Словакия төтенше жағдай режимін енгізді

30 қыркүйек 2020, 22:20

Словакия билігі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 1 қазаннан бастап 45 күнге төтенше жағдай режимін енгізеді. Бұл турлы ТАСС агенттігі ТАЗ братислава телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Мәлім етілгендей, заңға сәйкес, министрлер кабинеті Төтенше жағдай режимін одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 90 күнге дейінгі мерзімге енгізе алады. Словакия Премьер-министрі Игор Маточич аталмыш шешімге түсінік бере отырып, бұл шара күрделеніп келе жатқан эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.

И.Маточич елде биылғы 16 наурыздан 14 маусымға дейін төтенше жағдай режимі болғанын еске салды. Бұл, коронавирус пандемиясының бірінші толқынын сәтті еңсеруге ықпал етті.

Пандемия басталғалы 5,5 млн халқы бар Словакияда коронавирус 10 141 адамнан анықталды. Оның ішінде 4 395-і жазылып шықты, 48 науқас көз жұмды.

Өткен бір тәулікте аталмыш елде індетті жұқтырған 567 адам тіркелді. Бұл, оның алдыңғы күнмен салыстырғанда 336-ға көп.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия