Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 92 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сілтеме жасап.
2021 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.
«26.07.2021 жылы коронавирус белгілері бар пневмонияның 324 жағдайы және 11 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 97 адам емделіп шықты. Коронавирус инфекциясы расталған жағдайлардан 26 шілдеде 81 адам қайтыс болды», — делінген хабарламада.
2020 жылдың 13 наурызынан барлығы: ауырғандар — 60018, 3660 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54211-ге жетті.