jasqazaq.kz

Коронавирус: Павлодар облысында мектеп карантинге жабылды

11 қараша 2020, 17:59

Ақсу қаласындағы №2 орта мектепте екі оқушы мен педагогтен коронавирус анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 61 жағдайы тіркелген. Оның 23-інде індет белгілері бар.

«37 бала қашықтықтан білім алды, ал 24 бала мектепке барды. Сонымен қатар, педагогтер арасында коронавирус жұқтырудың 17 дерегі тіркелді. Оның төртеуінде COVID-19 симптомы жоқ. Қазіргі таңда Ақсудағы №2 орта мектеп карантинге жабылды», — делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, білім ордасында оқитын бірінші сыныптың екі оқушысы мен педагог коронавирус жұқтырған.

Сонымен қатар, Тереңкөл ауданы, Шарбақты, Ертіс, Павлодар аудандары, Екібастұз және облыс орталығының оқушылары арасында да коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген. Алайда бұл оқу процесіне әсер етпеген.

Айта кетейік, Павлодар облысында 4787 адам COVID-19 жұқтырды. 4182 науқас айықты, 58 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 117 904-ке жетті. 108 387 науқас жазылды, 1 899 адам аурудан көз жұмды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия