jasqazaq.kz

Коронавирус Оңтүстік Кореяны қыспаққа алды

03 наурыз 2020, 10:24

Сейсенбі күні Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырудың тағы 600 жағдайы тіркелді. Осылайша елде ауруға шалдыққандардың саны 4812 адамға жетті.Бұл туралы Yonhap-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  

Соңғы деректерге қарағанда, вирустан Оңтүстік Кореяда 28 адам көз жұмған.

Елде ауруды жұқтырудың 60 пайызға жуық оқиғасы Тэгу қаласындағы Синчхонджи (Shincheonji) діни сектасының мүшелерімен байланысты болып отыр. Тэгу – Оңтүстік Кореядағы 2,5 миллионға жуық тұрғыны бар ірі қала.

Елдің Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл діни сектаның бірнеше мүшесі өткен аптада Қытайда коронавирус шыққан қала Уханьда болған.

Кореяның ауруларды қадағалау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, елде індет жұқтырудың 519 жаңа оқиғасы Тэгу қаласында, және тағы 61-і – оған көршілес Солтүстік Кёнсандо провинциясында тіркелді.

Сеул қаласында коронавирусты жұқтырудың тағы жеті оқиғасы тіркелген.

Оңтүстіккореялық сарапшылар елде коронавирусты жұқтырудың расталған оқиғалары алдағы күндері өсетінін болжап отыр. Денсаулық сақтау органдары Тэгу қаласындағы Иса Синчхонджи шіркеуінің (Shincheonji Church of Jesus) 210 мыңнан астам мүшесін тексеруге кірісті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде