jasqazaq.kz

Коронавирус мутацияға ұшырауы мүмкін

08 мамыр 2020, 18:56

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров COVID-19 – коронавирустың мутацияға ұшыруы мүмкін екенін мәлім етті.

«Халықаралық және қазақстандық эпидемиологтардың бағалауынша, коронавируста циркуляция болады. Сонымен қатар коронавирустың бұл түрі мутацияланатындай сипатқа ие. Яғни қандай да бір мутацияға ұшырауы мүмкін», — деді Дамир Көпжасаров онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сонымен қатар коронавирусты алдын алудың негізгі кезеңдері туралы да айтып берді.

«Коронавирустың алдын алудың кезеңдеріне келер болсақ, бірінші кезең – сыртқы қадағалау, екіншісі – ішкі қадағалау болса, үшіншісі – карантин шаралары. COVID-19 – коронавирустың жаңа штаммы. Оның тобы көп. Алайда дәл осы COVID-19 түрі бірінші рет тіркеліп отыр. Сол себепті дәл осы инфекцияны алдын алудың бірден-бір жолы – карантин шаралары. Дәл қазіргі уақытта карантин шаралары осы індеттен бізді сақтандырады», — деді спикер.

Орталық директоры сондай-ақ Қазақстандағы шектеу шараларының арқасында вирусты жаппай жұқтыру жағдайы тіркелмегенін мәлім етті.

«Инфекция таралу барысы бақылауда. Эпидемиологиялық қадағалау жүйесі мен мен СЭҚ инфекцияны қадағалап отыр. Төртінші кезең – карантиннен кейінгі уақыт болмақ. Оның негізінде біз эпидемиологиялық ахуалға байланысты шектеу шараларын біртіндеп ала бастаймыз. Карантиннен кейінгі кезеңде халықтың белгілі бір тобының ішінен жұқтыру жағдайларын анықтауға бағытталады. Тестілеуден өткізуден бас тартпаймыз. Жұқтырған жағдайлар анықталады. Себебі жұқтырғандардың 60 пайызы ауруға шалдыққандарын сезбейді де. Міне Қазақстан осы төрт кезең бойынша вирус қаупін тосқауыл қоюға күш салады», — деді Дамир Көпжасаров.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия