jasqazaq.kz

Коронавирус: Моңғолияда тіркелді

10 наурыз 2020, 9:24

Моңғолияда коронавирустың алғашқы жағдайы Дорноговь аймағында тіркелді.

Инфекция жұқтырған азамат 2020 жылдың 2 наурызында Моңғолияға Мәскеу-Улаанбаатар бағытына қатынайтын ұшақпен келген. Ол — бұл елде уақытша тұруға тіркелген 56 жастағы Франция азаматы. Одан алынған алдын ала зерттеулер нәтижесінде оның «ковид 19» вирусын жұқтырғаны анықталды. Сырқат қазіргі уақытта Дорноговь аймағының Улаанбадрах сұмынында (ауыл) орналасқан «Арева» (моңғолша «Бадрах энержи») компаниясының ғимаратында оқшауланғаны жайлы ресми дереккөздер мәлімдеп отыр. Оқшауланған француз «Арева» компаниясында жұмыс істейді. Бүгін таңертеңгі сағат 6-да Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссия (ШК) премьер-министрдің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшиннің кеңсесінде шұғыл жиналыс өткізіп, науқаспен әуе рейсінде, қонақ үйлер мен пойызда бірге болған азаматтарды анықтады. Жол қатынастарын келер дүйсенбіге дейін тоқтауға шешім қабылдады. Бұл жөнінде Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссияның бастығы, премьер-министрдің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин: «Алдын ала болжам бойынша азаматкоронавирус жұқтырған. Алайда қайтадан тест тапсырып, растаймыз. Егер жағдай ауырлайтын болса, Еуропаға ұшатын әуе рестерінің барлығын тоқтатамыз», — деді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуда
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты