jasqazaq.kz

Коронавирус күдігімен үш адам ауруханаға түсті

29 қантар 2020, 21:02

Аурудың алашапқыны аймақтарда да басталды. Жамбыл мен Қызылорда облысында коронавирус жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға түсті. Қазір дәрігерлер науқастарды жан-жақты тексеріп жатыр.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Алғашқы дерек Шу қаласында тіркелді. Сарыағаш-Астана бағытындағы пойыздан екі Қытай азаматы түсірілген. Олар көп түшкіріп, жөтеле берген соң күдікке ілініпті. Сөйтіп шұғыл аруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер қауіпті кеселдің белгілері жоқ деп мәлімдеп отыр. Сонда да екі шетелдік 14 күн бойы бақылауда болады. Ал, қызылордалық тұрғынның тоғыз күн бұрын Қытайдың Санья қаласында емделгені белгілі болды. Сол жақтан оралғаннан кейін дене қызуы көтеріліп, өзін әлсіз сезініпті. Екі күн үйде емделіп, аурудың беті қайтпаған соң амалсыз ауруханаға өзі келген. Ақ халаттылар оған жедел респираторлы вирусты инфекция деген диагноз қойып, дереу оқшаулады. Ал еліміздің бас санитар дәрігері науқастың коронавирус жұқтырмағанына бек сенімді.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитар дәрігері:

— Науқас дене қызуымен және бас ауруымен түсті. Сұрау барысында анықталғандай, пациент жуынғаннан кейін вагонда терезе ашық кезде ұйықтап қалған. Ол Хайньян аралынан оралғандықтан, бөлек боксқа оқшауландырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде