jasqazaq.kz

Коронавирус: Круиздік лайнердегі 200-ге жуық адамды елсіз аралға жіберді

27 ақпан 2020, 15:52

World Dream круиздік кемесіндегі 200-ге жуық индонезиялық азамат, экипаж мүшелері COVID-19 коронавирусына байланысты карантиннен өту үшін адам тұрмайтын Себару аралына (Джакартаның бөлігі) жіберілді. Бұл туралы Jakarta Post басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Экипаж мүшелерін әскери-теңіз госпиталінің арнайы кемесімен жеткізген. Индонезиялық Jakarta Globe газетінің хабарлауынша, Себаруды елсіз аралға жатқызуға болады. Ол жақта тұрғындар жоқ, бірақ демалыс пен емделуге жақсы жағдай жасалған. Бұрын онда есірткіге тәуелді адамдарға арналған оңалту орталығы болған. Индонезия Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, круиздік лайнерде 270 ел азаматы, экипаж мүшесі болған. Бірақ олардың 188-і ғана аралда карантиннен өтуге келісім берді. Басқалары кемеде қалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия