
Карантин режимі қалада ғана емес, сол коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу кезінде де сақталмайды. Мәселен, Алматы облысындағы арнайы полигонға марқұмның жақындары топырлап келген. Негізінен ережеге сәйкес, мұнда адам саны шектеулі болып, арақашықтық сақталуы тиіс. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Қауіпті індеттен көз жұмғандарды жерлейтін жерде марқұмның 20 шақты туысы жүр. Оқшауланған орында санитарлық талаптарды сақтамай, Covid-19 анықталған жақындарын ақтық сапарға аттандыру рәсімін өткізіп жатыр. Бейіт басынан алыста тұру керек еді, оларды қадағалап жатқан ешкім жоқ. Тіпті қоршау да қойылмаған. Ал туысының қауіпті дерттің құрбанына айналғанын біле тұра, қауіпсіздік ережелерін елемегендер тілшілермен арпалысып әлек.